Президент Назарбаевтың кітабы туралы: Мен үшін қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес

Тоқаевтың айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Егемен Қазақстан" басылымына берген сұхбатында бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мемуар кітабы туралы пікірін айтты. 

"Бұл кітап тәуелсіз мемлекет құру ісінің жылнамасы ретінде оқырман қызығушылығын туғызады деп ойлаймын. Кезінде бір айтқыш "Мемуарда шындықтың жартысы айтылса да, ол тарихи оқиғалардың ауқымын бағамдауға жеткілікті" деген екен. Нұрсұлтан Назарбаев – бірнеше дәуірге куә болған тарихи тұлға. Ол өз ман­сабын комсомол белсендісі ретін­де Хрущев заманында бастап, ара­да алпыс жылдан астам уақыт өткен­­нен кейін қызметтен кетті. Қазақ­стан­ның тәуелсіз мемлекет болып қалып­тасуы­на қосқан үлесін бәрі біледі. Ол – әділ тарихи бағасын алуға лайық адам", – деді Тоқаев.

Президент, сондай-ақ өзінің мемуарларды, публицистика­лық шығармаларды, саяси очерктерді әрдайым ыждағатпен оқитынын айта келе, дегенмен өзі үшін қазіргі кезең мемуар жазып отыратын уақыт емес екенін атап өтті.


Оқи отырыңыз: Тоқаев: Мемлекетте үлкен және кіші президент деген болмауы керек деп санаймын


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".