Президент шағын бизнесті "Атамекенге" мүшелік жарнасынан босатуды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау кезінде не ескерілуі керегін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шағын бизнесті "Атамекен" ҰКП-ға мүшелік жарналардан босатуды тапсырды.

Мемлекет басшысы отандық бизнес құрылымындағы шағын компаниялардың үлесі бүгінде 90 пайыздан асатынын атап өтті.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасын реформалау кезінде оның қызметін шағын бизнесті қолдауға, қорғауға және дамытуға шоғырландыру қажет. Бұл ретте шағын бизнесті міндетті мүшелік жарналардан босату керек. Әлбетте, бұл өз бетінше жүзеге асатын дүние", – деді президент.

Еске салсақ, Нұртай Сабильянов "Атамекенге" мемлекет бюджетінен қаржы бөлудің қажеті жоқ екенін айтқан болатын. 


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".