Президент су тасқыны кезінде бірлік танытқан қазақстандықтарға алғыс білдірді

Мемлекет басшысы табиғи апатқа байланысты көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар жіберген достас мемлекеттердің басшыларына алғыс айтты.

Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат орын алған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram-дағы ресми парақшасында жазды.

«Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады. Менің тапсырмам бойынша Премьер-Министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр. Зардап шеккен барлық азаматқа қажетті көмек көрсетілуде. Олардың бүкіл шығындары өтеледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын жуырда отандастарыма арналған үндеуімде айттым. Апатқа қарсы күрес жалғасуда», – деп жазды мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев,

Сондай-ақ, ол су тасқыны кезінде бірлік таытқан қазақстандықтарға алғыс білдірді.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты су тасыған аймақтардағы биылғы мектеп түлектеріне тегін оқу грантын беруді ұсынды


«Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын!», – деді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".