Прокурор: Бишімбаев телефонының құпия сөзін айтпай қойды, ол тергеуге көмектескен жоқ

Мемлекеттік айыптаушы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында Бишімбаевтың телефонының құпия сөзін бермегенін айтты.

Экс-министр Қуандық Бишімбаев тергеушілерге айғақтарды зерделеу үшін телефонының құпия сөзін бермеген.

Прокурор Айжан Аймағанова сот отырысында мейрамхананың бейнебақылау камерасындағы бейнежазбаларды, сондай-ақ Салтанат Нүкенова мен оның құрбысының ұялы телефондарының мазмұнын зерттеуді сұрады.

Өз кезегінде экс-министрдің қорғаушысы Назкен Құсайынова сотталушының телефон нөмірін зерттеуді талап етті.

"Сотқа дейінгі кезеңде Бишімбаевтың ұялы телефоны бұғатталғандықтан қаралған жоқ. Құпия сөз орнатылғандықтан, оны ашып қарау мүмкін болмады. Бишімбаев сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде көмектескен жоқ", – деді Айжан Аймағанова. 


Оқи отырыңыз: "Қатты бозарып кетті". Бишімбаев әйелінің өлгенін қай кезде түсінгенін айтты 


Судья сотталушы Бишімбаевтың телефонын зерттеуден бас тартып, прокурордың өтініштерін қанағаттандырды. Іс жалғасып жатыр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".