Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Қайрат Сатыбалдыұлын "Құрмет", "Парасат" ордендерінен айыру көзделіп отыр.

Прокурор сотта Қайрат Сатыбалдыұлының мүлкін тәркілей отырып, оны 6 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады.

Прокуратура өкілі Жангелді Есебаев сотты Қайрат Сатыбалдыұлын 10 жыл лауазымды қызметтер атқару құқығынан және ҰҚК генерал-майоры, "Құрмет" және "Парасат" арнаулы атақтарынан айыруды сұрады. 

"Жазасын өтеу үшін орта қауіпсіздік мекемесі белгіленсін. Қамауда отырған мерзімінің әр күні 1,5 күнге тең болып есептелсін", – деді Жангелді Есебаев. 

Қайрат Сатыбалдыұлы өз кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Сондай-ақ, прокурор ұсынып отырған жаза түрі мен мөлшерімен келісетінін жеткізді. 

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".