Қабырғасына сызат түскен ҚазҰУ жатақханалары сейсмикалық тұрғыдан күшейтіледі

Ғылым министрі ғимараттардың негізгі қаңқасына ешқандай зардап келмегенін айтты.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Алматыдағы Қазақ Ұлттық университетінің жатақханаларында жер сілкінісінен сызат пайда болуына қатысты пікір білдірді. 

"Әлеуметтік желіде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің №6 және 8 жатақханаларының ғимаратына үлкен сызат түскені туралы ақпарат тарады. Бұл жалған. Анығында, қабырғаларда шағын сызаттар бар, бірақ ол ғимараттың негізгі қаңқасында емес. Жөндеу және сейсмикалық тұрғыдан күшейту жұмыстары жүргізіледі", – деді Саясат Нұрбек. 

Еске салайық, Алматы қаласынан 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісін қала тұрғындары сезді.  

Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.


Оқи отырыңыз: Алматыдағы жер сілкінісінің таудан түсірілген видеосы желіде тарады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".