Қалың тұман: "Алматы-Өскемен" автожолының учаскесінде 18 көлік соқтығысты

Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр
Апат қалың тұман кезінде болды.

"Алматы-Өскемен" автожолының учаскесінде болған жол-көлік оқиғасы туралы шұғыл ақпарат жарияланды.

"ҚазАвтоЖол" мәліметінше, 2025 жылғы 15 қаңтар сағат 07:30 шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының 28 шақырым учаскесінде ("Алматы-Қонаев" бағытында) 18 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Апат қалың тұман кезінде болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от konaevkz (@konaevkz__)

"Алдын ала мәліметтер бойынша жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамауы салдарынан аталмыш оқиға болды. Оқиға болған жол учаскесі ІА техникалық санатқа жатады, алты жолақты. Жолдың жүру бөлігі құрғақ, ақаусыз және бөгде заттар болмаған. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Қосымша мәліметтер анықталып жатыр", – делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".