Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

2023 жылғы қыркүйектен бері ол президент кеңесшісі қызметін атқарған.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды. 

Құжат Ақорда сайтында жарияланды. 

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылсын", – делінген жарлықта. 

2023 жылғы қыркүйектен бері Қанат Бозымбаев президент кеңесшісі қызметін атқарған болса, 2021-2022 жылдары ол Алматы облысының әкімі болды.  


Оқи отырыңыз: Қанат Бозымбаев Алматы облысының әкімі болып тағайындалды


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететінін хабарлады

"Мемлекет басшысының жарлығымен ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады", – деп жазды ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".