"Қанша адамның өмірін сақтап қалды". Авиа-сарапшы ұшқыштарды кінәламауға шақырды

Сарапшының айтуынша, бұл ұшқыштардың тәжірибелі екенінің көрсеткіші.

Авиа-сарапшы Абыл Кекілбаев апатқа ұшқыштарды кінәлаудың қажеті жоқ деп отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Себебі, әр ұшқыш жауапкершілігін толық сезініп, қауіп-қатерлерді ескере отырып шешім қабылдайды. Әрі қону айлағындағы ахуал мен ауа райының қолайлы-қолайсыздығын айтатын мамандар болады.

Сондықтан, бұл қайғылы жайттың мән-жайын жан-жақты зерделеп, тексеру жұмыстарының аяқталғанын күткен жөн дейді.

"Енді бәріміз қазір ұшқыштарды кінәлайтын болсақ, мен қазір ашық таратылып жатқан видеоларды қарайтын болсам, ұшқыштар ашық жерге ұшақты қондыруды тырысты, елді мекеннің үстінен ұшпай, шет жаққа шығып кетті осындай қону тәсілін пайдаланып отырғанның өзінде қанша адамдардың өмірін сақтап қалды. Бұл ұшқыштардың тәжірибелі екенінің көрсеткіші", – деді сарапшы Абыл Кекілбаев.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".