Қаңтар оқиғасы кезінде қамалғандардың алтауы уақытша ұстау изоляторында көз жұмды

Прокуратура тергеу барысында тыйым салынған әдіс-тәсілдерді пайдалану фактілерін зерттеп жатыр.

Қаңтар оқиғасы кезінде қамауға алынған алты адам рұқсат етілмеген әдіс-тәсілдерді қолданғандықтан, уақытша ұстау изоляторында көз жұмды, деп хабарлайды бас прокуратураның арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында. 

"Жуырда ғана тергеу барысында рұқсат етілмеген әдіс-тәсілдерді қолдану фактілері бойынша қылмыстық істерді өндіріске алдық. Бұрын оларды тергеумен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдары айналысқан еді. Бізге мұндай істердің барлығы берілген жоқ. Тек салдары ауыр, яғни өліммен аяқталған жағдайлар ғана", – деп түсіндірді Ризабек Ожаров. 


Оқи отырыңыз:


Ведомство мәліметінше, УҰИ-да мұндай себеппен Алматыда – екі, Шығыс Қазақстан облысында – үш және Талдықорғанда бір адам көз жұмған. 

"Мұнымен қатар, тергеушілер үстіне үтік басып қинаған тағы бір Талдықорған азаматына қатысты істі қолға алдық. Бірақ ол азамат әзір де уақытша ұстау изоляторында отыр", – деп қосты ол. 

Болған жағдайларға қатысты тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. 

Еске салсақ, Қаңтар оқиғасы кезінде жеті баланың оқ жарақатын алғаны туралы хабарлаған едік. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".