Қаңтар оқиғасын ұйымдастырушы Кәрім Мәсімов пе? Бас прокурор жауап берді

Берік Асылов ҰҚК бұрынғы басшыларына қатысты іс "аса құпия" режимінде тергелгенін еске салды.

Бас прокурор Берік Асылов мәжіліс отырысында жасаған баяндамасында қаңтар оқиғасынан кейін ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасарлары мемлекетке опасыздық жасау, билікті күштеп басып алуға бағытталған әрекеттер, лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша сотқа берілгенін айтты.

Отырыстан кейін журналистер Бас прокурордан "Мәсімов басты ұйымдастырушы деп айта аласыз ба?", – деп сұрады.

"Солай деуге де болады", – деп жауап берді Бас прокурор.

Берік Асылов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты іс "аса құпия" режимінде тергелгенін еске салды.


Оқи отырыңыз: Берік Асылов: Мемлекеттік төңкеріс жасауға дайындық бір жыл бойы жүргізілген


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".