Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен 1640 шағын және орта бизнес өтемақы алды

Әкімдік зардап шеккен кәсіпорындарға 16,2 млрд теңге сомасында өтемақы төледі.

Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев қысқа мерзімде Алматыда іскерлік белсенділікті қалпына келтіруді тапсырды. Алматыда Қаңтар оқиғасынан зардап шеккен кәспорындарға 16,2 млрд теңге төленді. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәлімдеді.

"Әкімдік 16,2 млрд теңге сомасында зардап шеккен 1640 кәсіпорынға келтірілген залалды өтеген. Олардың 95 пайызы төлемді қысқа мерзімде – биылғы 1 маусымға дейін алды", – деді Асқар Әмрин мәслихаттың VI сессиясында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, қаржының бір бөлігі "Жаңа Алатау" қорынан бөлінді – олар 1 294,8 млн теңгеге 636 өтінімді қайтаруға көмектесті. Ал бюджет қаржысы есебінен 14 899,5 млн теңгеге 1 011 өтінім қанағаттандырылды.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".