Қаңтар оқиғасында зиян шеккендерге психологтар бір ай тегін көмек көрсетеді

Акция 24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында WhatsApp және ZOOM платформасында онлайн өтеді.

Қаңтар оқиғасында туған-туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтарға психологиялық қолдау көрсететін "Еламан" тегін акциясы басталды. Бұл туралы "Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты" ҚҚ президенті, ARASHA баспанасының директоры Маргарита Өскембаева мәлімдеді. 

"Жедел желі" кестесі және колл-орталық +7 (747) 60 90 850 дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00 аралығында тегін көмек көрсетеді. Аталған көмекті қазақ және орыс тілдерінде алуға болады.

Акция 24 қаңтар мен 24 ақпан аралығында WhatsApp және ZOOM платформасында онлайн өтеді.


Оқи отырыңыз: Бүгіннен бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен адамдарға төлем жасалады


"Дағдарысқа араласудың негізгі мақсаттары – зардап шекендердің жағдайларын тұрақтандыру, травматикалық жағдайдың әсерін жою немесе азайту", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 24 қаңтардан бастап Алматыда тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен адамдарға төлем жасалатыны туралы хабарлаған едік. 500 мыңнан 2 миллион теңгеге дейінгі сомадағы өтемақыны барлығы 603 адам алады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".