Қаңтарда әуежайды басып алмақ болған содырлардың қару-жарағы табылды

23 жастағы Өзбекстан азаматының әуежайға шабуыл жасауға қатысқаны белгілі болды.

Қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Алматыдағы әуежайды басып алғысы келген шетелдік күдіктілердің қару-жарақтары табылды, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы. 

Суық қарулардың арасында бірнеше пышақ, пневматикалық тапанша және арбалет бар. Күдікке ілінген 23 жастағы азамат Өзбекстан мемлекетінің тұрғыны. Тергеу кезінде оның қару-жарақтарды ұрлағаны және әуежайға шабуыл жасауға қатысқаны белгілі болды.


Оқи отырыңыз: Қаңтар оқиғасы кезінде 25 сарбаз "Көктөбені" қалай 5 күн бойы қорғады? 


Сондай-ақ, полицейлер оның 43 жастағы сыбайласы деген күдіктіні ұстады. Тінту кезінде одан 19 дана пневматикалық қару, оқ, 10 пышақ, арбалет және өзге де қару түрлері табылған.

Айта кетейік, Алматыдағы қаңтар қасіретіне байланысты сотқа 82 қылмыстық іс түскен. Оның 41-іне сот үкімі шықты. Қалалық соттың мәліметінше, келіп түскен істердің дені "ұрлық" бабы бойынша қозғалған. 

Еске салсақ, "Қазақстан халқына" қорының Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмғандардың отбасына 7 млн теңгеден беретіні туралы хабарлаған едік. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".