Қар, көктайғақ, тұман: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Ел аумағында қар жауып, тұман түседі.

"Қазгидромет" РМК бүгінге, 27 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, ҚР аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар, жаяу бұрқасын болжанады.

Антициклон сілемінің ықпалында елдің батыс, оңтүстік өңірлері болады, осыған байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, жел күшеюі күтіледі.

Астанада күн ала бұлтты, күндіз аздаған қар жауады. Оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 9-14 метрді құрайды. Ауа температурасы түнде 11-13 градус, күндіз 6-8 градус аяз.

 Алматыда да бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы.

Шымкентте де бұлтты, жауын-шашынсыз. Секундына 5-10 метр солтүстік-батысқа ауысатын оңтүстік-шығыс жел. Ауа температурасы түнде 4-6 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".