Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза болды

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру кезінде құтқарушы қаза болды.

6 қазанда Қарағанды облысында Қарқаралы ауданындағы дала өртін сөндіру барысында өз қызметтік міндетін атқару кезінде 24-өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы 1991 жылы туған Хали Хайрат қаза болды. Сержант азаматтық қорғау органдарында 2014 жылдан бастап жұмыс істеген. Аталған іске байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ведомствоның Апаттар медицинасы орталығының психологтары қайтыс болған қызметкердің туыстарына қажет психологиялық көмек көрсетіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі өрт сөндірушінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. ТЖМ қаза болған өрт сөндірушінің отбасына жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Еске салайық, 6 қазанда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қоянды ауылының маңында құрғақ шөп өртеніп кетті. Өрт орнына орман шаруашылығының, ТЖД күштері мен құралдары және ерікті өртке қарсы құралымдар дереу жіберілді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".