Қарағанды облысында пойыз жұмысшыны қағып өлтірді

Қайғылы оқиға “Шұбаркөл көмір” АҚ ішкі теміржол жолдарында болды.

2024 жылы қаңтардың 15-і күні “Шұбаркөл көмір” АҚ ішкі теміржол жолдарында жұмысшының қаза табуына әкеп соққан жазатайым оқиға орын алды. Бұл туралы компания Instagram парақшасында хабарлады.

"Жұмыс барысында бағыттамалық бекеттің кезекшісі бос вагондардың қозғалмалы құрамының астына түсіп кеткен. Шұбаркөл көмір ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына қайғырып көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді", – деп жазылған хабарламада.

Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, тиісті жұмысты бастады.


Оқи отырыңыз: ШҚО-да жүк пойызының 18 вагоны рельстен шығып кетті


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".