Қарағанды облысындағы дала өрті: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Тексерілмеген мәліметтер жарияланады.

Бұқаралық ақпарат құралдарында және түрлі әлеуметтік желілерде Қарқаралы ауданындағы өртке қатысты көрінеу жалған ақпарат тарату жағдайлары жиілеп кетті, деп хабарлайды Бас прокуратура.

"Тексерілмеген мәліметтер жарияланады. Мұндай жалған мәліметтер келеңсіз қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де теріс әсер етеді. Көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жазаланатын іс-әрекет болып табылады және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады", – делінген хабарламада.

Осыған байланысты, Қарқаралы ауданының прокуратурасы азаматтарды, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушыларды заңнаманы мүлтіксіз сақтауға және осы құқық бұзушылықтың жасалуына жол бермеуге, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".