Қарағанды университеті Семей орманындағы өрттен қаза тапқандардың балаларына 10 грант ұсынды

40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне өз грантын беруге дайын.

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Абай облысында орман өртінен зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға 10 білім беру грантын береді. Мұндай шешімді ЖОО басшылығы қабылдады, деп хабарлайды Қарағанды облысы әкімдігінің сайты

"Біздің университет Абай облысының тұрғындарына әсер еткен үлкен қиыншылықтан тыс қала алмады. Біз оларды осындай қиын кезеңде қолдау керек деп шешім қабылдадық. Осы мақсатта біз орман өртінен зардап шеккен отбасылардан шыққан балаларға университет қабырғасында тегін оқуға 10 грант беруге дайынбыз. Қаза тапқандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамыз", – деді ҚарУ ректоры аппаратының басшысы Серік Қалқаманов.

Сонымен қатар, ҚарУ еріктілері орман өртінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинауға көмектеседі.


Оқи отырыңыз: Абай облысындағы өрт: Зардап шеккен отбасынан шыққан балаларға үздік сауықтыру орталықтарына жолдама берілді


Айта кетейік, 40-тан астам қазақстандық ЖОО өрттен зардап шеккен отбасылардың студенттеріне өз гранттары мен жатақханалардағы орындарын беруге дайын.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".