Қарағандылық түйе палуан Ұмра қажылығына барады

Екінші, үшінші орын иелері ақшалай жүлдеге ие болды.

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде  ораза айт мейрамына орай жамағат арасында "Түйе палуан" сайысы өтті, деп хабарлады "Егемен Қазақстан" басылымы.

Қарағанды облысының бас имамы Естай Айтуғанұлының ұйымдастыруымен өткен дүбірлі додада мешіт жамағатынан құралған палуандар бақ сынасты. 

Фото: "Егемен Қазақстан" басылымы

Сайыста жүзден жүйрік қарсыластарынан озған палуандар қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік атанып, бірінші орынды қанжығасына байлаған сайыс жеңімпазы Ерсін Серікұлына Ұмра қажылығының жолдамасы тарту етілді.


Оқи отырыңыз: Абаев: Қазақ күресі мектеп бағдарламасына енгізіледі


Ал екінші орын Мұхтар Дәлелханұлына бұйырды. Палуан 250 000 теңгені олжалады.

Жүлделі үшінші орын алған Ақжігіт Алтынбекұлы 150 000 теңгені иеленді.

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".