Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидасы ретінде әрекет ететін ұйымдар тізімін жариялады

Жыл басынан бері бұл қызмет түріне 3511 өтініш түскен.

Қаржылық мониторинг агенттігі сайтында қаржы пирамидасы ретінде әрекет етеді деп күдікке ілінген, сондай-ақ сот үкімі шыққан ұйымдардың тізімі жарияланды. Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Агенттік жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған.

"Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайттар мен аккаунтар бұғатталды. Алдын алу жұмыстары аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескертулер жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржылық пирамида белгілері бар контентке жазылудан бас тартты. Өз қаражатын инвестициялағысы келген әрбір азамат компанияны осы тізім арқылы тексере алады. Сондай-ақ, @BAIQApiramidaBOT ҚМА телеграм ботын пайдалана алады" – делінген хабарламада.

Жыл басынан бері бұл қызмет түріне 3511 өтініш түскен. Қаржы пирамидасының әрекетінен зардап шеккен азаматтар агенттіктің саll-орталығына хабарласа алады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".