Қасым-Жомарт Тоқаев Хромтаудағы "Болашақ" шахтасының жұмысымен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына барды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары "Болашақ" шахтасын аралап көруден басталды. Шахтаның қуаттылығы жылына 7,5 миллион тонна хром рудасын өндіруге жетеді, деп хабарлайды Ақорда. 

Мемлекет басшысына жаңа нысанда 1 800 жұмыс орны құрылатыны жөнінде мәлімет берілді. Тартылатын инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады.

Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Шухрат Ибрагимов "Болашақ" шахтасы ERG компаниялар тобының ірі инвестициялық жобаларының бірі саналатынын атап өтті.

Кәсіпорын "Миллионное" және "Алмас-Жемчужина" кен орындарын игерумен айналысады. Кен қазу ісіне автоматты режимде бұрғылайтын интеллектуалды бұрғылау қондырғысы, қашықтан жер үстінде басқару жүйесі, сонымен қатар толықтай автоматтандырылған жүк көтеру машиналары секілді озық технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтар қолданылады.

Компания басшысының айтуынша, Дөң тау-кен байыту комбинатына қарасты "Болашақ" шахтасын іске қосу еліміздің тау-кен өнеркәсібіндегі тарихи оқиға болмақ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".