Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды

Әсет Исекешов енді Тоқаевтың көмекшісі қызметін ғана атқарады.

Әсет Исекешев қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылды, деп хабарлайды "Ақорда" сайты. 

"Әсет Өрентайұлы Исекешев Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылсын", – делінген құқықтық актіде. 

Сондай-ақ, Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымынан босатылды. 

Еске салсақ, Дариға Назарбаеваның мәжілістен кететінін мәлімдегені туралы хабарлаған едік. Ол қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметпен айналыспақ.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".