Қазалыда 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

Бекарыстан би ауылында тұратын 99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері Қабақ Смағұл да аудан тұрғындарынан қалыспай дауыс берді.

Өңірдегі ең қарт сайлаушыға белсенділік танытқаны үшін 84-ші сайлау учаскесі тарапынан ардагерге шапан жауып, сый-құрмет көрсетті.

"Бүгін біз үшін маңызды күн. Бұл күн еліміздің болашағын айқындайды. Бұған дейінгі сайлаулардан да еш қалып көрген жоқпын. Меніңше, әр тұрғын мұндай жауапты кезде бейжайлық танытпауы тиіс. Бүгін балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін дауыс бердім. Бастысы, елімізде тыныштық, соның құнын білуіміз тиіс. Сол үшін ойланып, саралап, өлшеп, екшеп, ел болашағы үшін таңдау жасадым", – дейді қарт майдангер.


Бүгінгі президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс беретін сайдың тасындай, 18 жасқа толып жатқан тепсе темір үзетін жас шабандоздар ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин ауылдық округінде жиналып, дүбірлі додада бас қосты.

Тартысты қызу сайыс барысында №159 сайлау учаскесінің алдына салым тасталды.

Осында дауыс беруге келген азаматтар ұлттық ойынды дәріптеп, дамытып жатқан жас шабандоздарға қаржылай сый-құрмет көрсетті.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".