Қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасы әзірленеді

Ол үшін Қазақстанда республикалық орфография комиссиясы құрылмақ.

Қазақстанда қазақ тілі орфографиясының ғылыми негізделген нұсқасын әзірлеу мақсатында Республикалық орфография комиссиясын құру жоспарланып отыр. Бұл туралы қоғамдық талқыға ұсынылған Үкімет қаулысының жобасынан белгілі болды. 

Республикалық орфография комиссиясын құруға Ғылым және жоғары білім министрлігі жауапты болады. Комиссия құрамына мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен ғалымдар кіреді. 

"Қазіргі кезеңде қазақ тілінің орфографиясын жүйелеу аса маңызды мәселе. Қазақ тілінің орфографиясын ғылыми негізделген нұсқада әзірлеу және бекіту үшін арнайы орфографиялық комиссияны құру қажет. Бұл міндет Үкіметтің №914 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын көзделген", – делінген құжат жобасының түсіндірме жазбасында.


Оқи отырыңыз: Қазақ тілі қайтсек қажет тіл болады? Сараптама


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".