Қазақ жазушы Моңғолияның мемлекеттік жоғары атағына ие болды

Зарқұм Баймергенұлына марапатты ел президенті Ухнаагийн Хүрэлсүх табыстаған.

Моңғолияның мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі қаламгер Зарқұм Баймергенұлы Моңғолияның мәдениетіне еңбек сіңірген қайраткер атағына ие болды, деп хабарлады "Отандастар" қорының баспасөз қызметі.

Зарқұм Баймергенұлына сыйлықты Моңғолия басшысы Ухнаагийн Хүрэлсүх Ұланбатыр қаласында табыстаған.

Зарқұм Баймергенұлының тоқсаныншы жылдардан қазірге дейін "Арғымақ", "Рауан таңдар", "Өмірдегі өзгеше өрімдер", "Көкжиек", "Құнарлы өлке, Құт мекен" "Үүлс болж нүүнэ", "Түүхэн он цагийн хэлхээ" қатарлы жыр жинақтары мен публицистикалық ондаған кітаптары қазақ, моңғол тілдерінде жарық көрген. Және жекелеген шығармалары түрік, алтай, орыс тілдерінде жарияланған.

"Бұл біздің қазақ азаматтарының мәртебесін көтереді және Моңғолиядағы қандастармыздың өз ұлттық ділін сақтау жолындағы күрескерлігін танытады" делінген қордың хабарламасында.


Оқи отырыңыз: 


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".