"Қазақанимация" 2022 жылы көрерменге 10 мультфильм ұсынады

Болашақта бұл өнімдерді үлкен прокатқа шығару жоспары бар.

Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев facebook желісінде Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамы жанынан "Қазақанимация" шығармашылық бірлестігін құру жұмыстары қалай жүріп жатқанын баяндады.

Министрдің жазуынша, бұған дейін анимациялық пилоттық жобалардың сценарийлеріне байқау ұйымдастырылса, қазір ұсынылған жобаларды іріктейтін сараптамалық кеңес құрылып жатыр.

"Әлемнің бірнеше жетекші анимациялық студиясынан шетелдік маман тарту арқылы жыл соңына дейін алғашқы 10 пилоттық жобаны көрерменге ұсынуды көздеп отырмыз", – деді Дәурен Абаев.


Оқи отырыңыз: 


Оның хабарлауынша, шығармашылық бірлестіктің жұмыстары арқылы ұлттық анимацияның бәсекеге қабілеттілігін арттырып, ол өнімдерді үлкен прокатқа шығару жоспары бар.

"Заман көшінен қалмай, білімді де білікті шығармашыл жастарымызды қолдап, жаңа идеялар мен тың бастамаларға ыңғайлы алаң жасауымыз қажет. Аудитория сұранысын қанағаттандыратын сапалы контент қалыптасырып, шетелдік әріптестермен тығыз байланыс негізінде қазақ анимациясын халықаралық дәрежеге көтереміз деп сенемін", – деді министр.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".