Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан "жасыл" энергетика дәлізі туралы келісімге қол қойды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Келісім электр энергиясы саудасының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжан магистральды электр желілері операторлары Еуропаға "жасыл энергетика дәлізін" құру жобасы аясында ортақ кәсіпорын құру туралы келісім жасасты.

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, келісім үш елдің электр желілері операторлары — Әзербайжанның Azerenerji, Қазақстанның KEGOC және Өзбекстанның "Ұлттық электр желілері" арасында бейнеконференция форматында бекітілді.

Құжат үш мемлекет басшылары 13 қарашада қол қойған келісімді жүзеге асыруға, сондай-ақ Еуропалық Одақтың "Жасыл келісім" бастамасын (2050 жылға дейін парниктік газдардың және қоршаған ортаның ластануын толықтай жою жоспары) ескере отырып, электр энергиясы саудасының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

Тараптар жобаны жүзеге асыру үшін Бакуде бірлескен кәсіпорын құруға келісті. Жобаның кеңесшісі ретінде Италияның CESI компаниясы белгіленіп, техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлейтін болады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның инфрақұрылымдық даму жоспары 204 жобаны қамтиды


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".