Қазақстан мектептері мен колледждерінде "111" QR-коды іске қосылды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
2024 жылы ел балалары "111" орталығына мыңнан астам рет хабарласқан.

Қаңтардан бастап мектептер мен колледждерде ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп "111" байланыс орталығына қолжетімділікті арттыру үшін арнайы QR-кодтар енгізілді. Бұл орталық отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауда құқықтық, ұйымдастырушылық және психологиялық көмек көрсетеді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Енді "111" нөміріне қоңырау шалу мүмкіндігінен басқа, балалар мен олардың ата-аналары QR-кодтар арқылы сұрау жібере алады. Олар барлық білім беру ұйымдарында, балалар үшін қолжетімді орындарда, сондай-ақ автобус аялдамаларында орналасқан. QR-код көмек алудың қолайлылығы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған. 

"Бұрын балалар байланыс орталығына тек телефон арқылы ғана хабарласа алатын, ал енді олардың QR-кодтар арқылы сұрау жіберу мүмкіндігі бар. Бұл қолдауға жүгіну процесін айтарлықтай жеңілдетеді, оны неғұрлым ыңғайлы және қолжетімді етеді. QR-кодтар қажетті ақпарат пен көмекті жылдам және анонимді алуға мүмкіндік береді, бұл балалардың сауалдары мен мәселелеріне жедел ден қоюға мүмкіндік береді", – деп түсіндірді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.

2024 жылдың қорытындысы бойынша "111" байланыс орталығына балалардан мыңға жуық өтініш келіп түсті. Оларға анықтамалық ақпарат беріліп, психологиялық қолдау көрсетіліп, мемлекеттік органдармен ынтымақтастықта уақытылы көмек ұйымдастырылды. 


Оқи отырыңыз: Балалар құқығын қорғайтын "111" нөмірі шұғыл байланыс қызметтері тізіміне қосылады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".