Қазақстан мектептерінің штатына тіс дәрігерін қайта енгізу ұсынылды

Мектеп оқушыларының сабаққа келмеу себептері арасында тіс ауруы алдыңғы қатарға шыққан.

Білім және ғылым министрілігінің аппарат жиналысында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тажиева қауіпсіз мектеп автоматты басқару жүйесінің жұмысын таныстырды. Жүйе Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты білім, денсаулық сақтау басқармалары, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті және полиция департаментін біріктіреді. Ол қаланың Еңбекші ауданында 51 мыңнан астам оқушы арасында сынақтан өткізілген.

"Еңбекші ауданында 51 мыңнан астам баланың ішінде 8 560-ы денсаулығына байланысты зерделеуге түсті. Нәтижесінде, дәрігерлер 71,4 пайызында денсаулығында асқынулар болғанын, 28,6 пайызы тұмауратып, жазылып кеткенін анықтады. Балардың көбі тіс ауруымен ауырады екен. Осыған байланысты дәрігерлер мектепке стоматолог мамандарды қайтарсақ деген мәселені көтеріп отыр", – деді Жанат Тажиева.

Сонымен қатар басқарма басшысының айтуынша, 1-4 сынып оқушыларының 10 пайызы, 5-8 сынып оқушыларының 25 пайызы, 9-11 сыныптарда 41 пайызы денсаулығына байланысты сылтаумен немесе себеппен сабаққа келмейтіні анықталған. 


Оқи отырыңыз:


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".