Қазақстан мен Ресей және Беларусь арасындағы төлем келісімінің күші жойылмақ

Сондай-ақ, Қырғызстан және Моңғолиямен екі арадағы мұндай келісімдердің әрекетін тоқтату көзделген.

Ашық НҚА порталында бірқатар құжаттардың күшін жою туралы Үкімет қаулыларының жобасы жарияланды. Атап айтқанда, олар:

  • Қазақстан мен Ресей арасындағы төлем келісімінің күшін жою;  
  • Қазақстан мен Беларусь арасындағы төлем келісімінің күшін жою;  
  • Қазақстан мен Қырғыз Республикасы арасындағы төлем келісімінің күшін жою;  
  • Қазақстан мен Моңғолия арасындағы төлем келісімінің күшін жою туралы келісім жобалары.

Бұл келісімдер 1992-1996 жылдар аралығында жасалып, Қазақстан теңгесі мен аталған елдердің ұлттық валютасының өзара конвертациялануын және бағамдарының тұрақтануын қамтамасыз ету міндетін атқарып келді.

Алайда, Ұлттық банктің түсіндіруінше, бұл құжаттардың қазіргі таңда өзектілігі жойылған. Себебі, халықаралық келісім саласы қазіргі таңда Қазақстан Республикасының заңнамаларында реттелген.

Құжаттардың жобасы 20 қаңтарға дейін қоғам талқысына ұсынылған.


Оқи отырыңыз: Қазақстаннан шетелге жұмыс іздеп кететін жастардың саны артты


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".