Қазақстан мешіттеріне Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі

Фото: ҚМДБ ресми сайты
Фото: ҚМДБ ресми сайты
Қазақстанда бүгінде 2888 мешіт жұмыс істейді.

Қазақстан мешіттеріне батырлар, ғұламалар және Алаш қайраткерлерінің есімі беріледі. Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 2025 жылға арналған Бағдарлық баяндамасында мәлімдеді, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі

"Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай айтулы мерейтойдың мәнін арттыру мақсатында қазақ даласынан шыққан әулие, ғұлама, батыр, алаш қайраткерлері мен ахун-ишандардың  есімін мешіттерге береміз", – деді ҚМДБ төрағасы. 


Оқи отырыңыз:


Еске салайық, 2024 жылы Қазақстанда 82 жаңа мешіт ашылды. Республикадағы мешіттердің жалпы саны – 2888. 

ҚМДБ мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Марат Жаппасбаевтың мәліметінше, 2888 мешіттің 1-уі республикалық, 3-уі мегаполистік, 17-сі облыстық, 434-і қалалық, 162-сі аудандық және 2275-і ауылдық мешіт. Бүгінгі таңда тағы 257 мешіттің құрылысы жүріп жатыр. 

Инфографика: ҚМДБ ресми сайты

 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".