Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы: Ипотека алғандардың жартысынан көбі кейінгі үш айда тағы да несие алады

Жеңілдігі бар мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы банктердің ипотекалық портфельдерінің өсуін бәсеңдетті.

Қазақстандағы банктердің бөлшек портфелінің өсу қарқыны бір жылда 21,5%-дан 18,5%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы хабарлады.

Сарапшылар мұны жаңа қарыз алушылардың ағынының аздығымен, өскен сұраныстың қанағаттандырылуымен, ипотекалық бағдарламаларды жеңілдетілген қаржыландырудың қысқаруымен және өткен жылдың базасының жоғарылығымен байланыстырады.

"Атап айтқанда, ипотекалық портфельде қатты баяулау байқалады (28,8%-дан 9,9%-ға дейін), бұл тұтынушылық несиелендіруге де кері әсерін тигізеді. Ипотекалық несие алған қарыз алушылардың жартысынан көбі, 2022 жылға арналған қаржылық тұрақтылық есебіне сәйкес, алдағы үш айда тұтынушылық несие алады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Ипотека шартынан бірлесіп қарыз алушы адамды қалай шығаруға болады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".