Қазақстан қорықтарының аумағына мотоцикл, мопед және квадроцикл мінген адамдар тегін кіре алады

Бұған дейін олар кіру үшін 738 теңгеден 2 215 теңгеге дейін төлейтін еді.

Мотоцикл, мопед және квадроцикл мінген адамдар Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына тегін кіре алады. Бұл жаңалық Экология министрінің табиғи қорықтар қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы бұйрығына енгізілген.

Атап айтқанда, мемлекеттік табиғи ұлттық саябақтар мен қорықтарға кіргені үшін мотоциклдерден, мопедтерден, квадроциклдерден алымдарды алып тастау ұсынылады.

Бұған дейін мотоциклдер, мопедтер мен квадроциклдер ерекше қорғалатын аумақтарға кіру үшін 738 теңгеден 2 215 теңгеге дейін (0,2-ден 0,6 АЕК-ке дейін) төлеуге тиіс болатын.

Жобамен өзінің қарауындағы заңды тұлға мәртебесі бар республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтердің мөлшерін "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы заңының 38-бабына сәйкестендіруді көздейді.

Жаңа редакцияда мотоциклдерден, мопедтерден және квадроциклдерден қаражат жинау қарастырылмаған.

Құжат "Ашық НҚА" сайтында 2024 жылғы 22 қарашаға дейін жария талқылау үшін орналастырылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".