"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Taiburyl ҚБ цифрлық платформасында мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан студенттер үшін қосымша байқау жарияланатынын хабарлады.
Байқауға қатысушылар келесі талаптарға сәйкес келуі қажет:
- ҚР азаматы болу;
- "Қазақстан халқына" ҚҚ және Taiburyl ҚБ лауазымды тұлғаларымен және қызметкерлерімен, сондай-ақ комиссия мүшелерімен үлестес болмау;
- Бакалавриат бағдарламалары бойынша күндізгі бөлімде оқу және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшесі болу.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан халқына" қоры биыл 360 білім беру грантын бөледі. Оны кімдер иеленеді?
Байқауға қатысу үшін Taiburyl платформасында онлайн-өтінімге мынадай құжаттарды тіркеу қажет:
- Үміткердің жеке куәлігінің түрлі түсті көшірмесі;
- Үлгерімі туралы мәліметтерді қоса алғанда, оқу орнынан анықтама (транскрипт);
- ҰБТ сертификаты;
- Орта мектепті бітіру туралы куәліктің көшірмесі/колледж дипломы (үміткердің ауылдық жерде екенін растайды);
- Ата-ананың не заңды қамқоршының жеке куәлігінің түрлі-түсті көшірмесі;
- Үміткердің ата-анасының неке туралы куәлігінің көшірмесі;
- Үміткердің екі ата-анасының соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары туралы анықтамасы;
- Үміткердің туған (ата-анасы бір) бауырларының мүгедектігін растау туралы анықтама (тек eGov сайтынан анықтамалар қаралады);
- Үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Үміткердің қандас бауырларының туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- Мотивациялық хат (250 сөзден кем емес);
- Үміткердің өмірбаяны (кемінде 100 сөз).
Пікірлер