"Қазақстан халқына" қорынан ЖОО-ға грант алуға өтініш қабылдау басталды

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

"Қазақстан халқына" қоры бүгіннен бастап 17 тамызға дейін білім гранттарына өтінім қабылдайды. Бұл туралы Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Бұл бағдарламаға биыл ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және ЖОО-ға түсу үшін шекті балл жинаған келесі талапкерлер қатыса алады:

  • ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
  • жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • мүгедектігі бар азаматтар;
  • мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
  • 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
  • төтенше жағдайлар кезінде қаза тапқан азаматтардың балалары.

"Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды. Өтініштер 10 тамыз бен 17 тамыз аралығында қабылданады. Құжаттарды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек", – деп жазылған хабарламада.

Грант иегерінен оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеу міндеттелмейді.

Толық ақпарат "Қазақстан халқына" қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".