Қазақстанда 1500 шақырымнан астам жылу желілері ауыстыруды және жөндеуді қажет етеді

Президенттің сөзінше, 1 500 шақырымнан астам жылу желілері ауыстыруды және жөндеуді қажет етеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында жылусыз қалған Екібастұздағы жағдай туралы айтып, бітқатар тапсырма берді. 

"Менің тапсырмам бойынша Президент әкімшілігі жанынан құрылған арнайы комиссия кешенді шаралар әзірледі. Соған сәйкес бақылау-қадағалау тетігін күшейтіп, меншік иелерінің жауапкершілігін және жалпы саланың тиімділігін арттыру қажет. Комиссия дұрыс жұмыс істемей тұрған 19 жылу электр орталығын анықтады. Оларды шұғыл жаңғырту қажет. Алдын ала есеп бойынша оған шамамен 90 миллиард теңге керек. Бұл қаражат, әрине, энергетикалық кәсіпорындардың тарифтік сметасында ескерілгені жөн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Президент мемлекет меншігінлегі энергетика нысандары бюджет есебінен жөнделуі керек екенін атап өтті. Ал жеке меншік нысандарын "Инвестицияға айырбас тарифі" бағдарламасы аясында жеке қаржылары есебінен жаңартуы қажет.

"Үкімет бұл тапсырманы шешуге шұғыл түрде кірісуге міндетті. ЖЭС-тен бөлек жылу желілерінің де жағдайы мәз емес. Бүгінде 1 500 шақырымнан астам жылу желілері ауыстыруды және жөндеуді қажет етеді. Олардың орташа тозуы 75 пайыздан асады. Ал Арқалық, Риддер және Шемонаиха қалаларында желілердің тозығы жеткен. Үкімет бұл мәселені үш жылдың ішінде шешуі керек. Комиссия есебіне сәйкес, 528 млрд теңге қажет. Бұл қаржыны тиісті бюджеттік несиелеу және тарифтік саясат тұрғысынан қарастыру керек", – деді мемлекет басшысы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".