Қазақстанда 27 миллион гектар жайылым жердің тозығы жеткен

Фото: Ерлан ОМАР, «EQ»
Фото: Ерлан ОМАР, «EQ»
Шамамен 30 млн гектар жер деградацияға ұшыраған.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы – Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов жер деградациясы туралы айтты.

"Қазіргі таңда шамамен 30 миллион гектар жер деградацияға ұшыраған. Оның ішінде 5 миллион гектар – су эрозиясына, 25 миллион гектар – жел эрозиясына ұшыраған. Сонымен қатар елімізде 27 миллион гектар тапталған жайылым бар", – деді АШМ өкілі.

Жер деградациясымен жүйелі күрес мәселелерін шешу мақсатында Жер ресурстарын басқару комитетінің жанынан "Жерлерге зерттеп қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" негізінде "бірыңғай топырақ кластері қызметі құрылған. Бұдан бөлек 205 миллион гектар аумаққа цифрлық ауыл шаруашылығы карталарын жасау аяқталған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".