Қазақстанда АИТВ жұқтырған еркектердің саны әйелдерден 2 есе көп

Вирус жұқтырғандардың 82 пайызы – 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда АИТВ-мен өмір сүретін 30 558  адам тұрады, деп баяндады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында. 

"Былтыр 3 877 жаңа жағдай тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 20,3 құрады. Бұл ретте еркектер әйелдерге қарағанда 2 есе көп екені (67,2%/32,8%) анықталды", – деді министр.

Ажар Ғинияттың айтуынша, вирус жұқтырғандардың 82 пайызы – 18-49 жас аралығындағы еңбекке қабілетті адамдар.

"Вирустың жыныстық жолмен берілуі басым. Ол 75 пайызды құрайды. Содан кейін инъекциялық жолмен берілу тұр. Ол 20 пайызды құрайды", – деді министр.


Оқи отырыңыз: Саясат Нұрбек: Шымкентте АИТВ жұқтырғандардың жоғары білім алуына көмектесеміз


Сонымен қатар Ажар Ғиният 6 өңірде вирустың таралу көрсеткіші жоғары екенін атап өтті. 

"Саралау нәтижелері Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында бес негізгі көрсеткіштің төртеуі инфекцияның таралуының неғұрлым жоғары деңгейін және облыстардың аумағында АИТВ инфекциясының жаңа жағдайларының алдын алу бойынша қабылданатын шаралардың жеткіліксіз деңгейін көрсетеді", – деді ол.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".