Қазақстанда алдағы сенбі күні кешке дейін теледидар мен радио өшіріледі

"Қазтелерадио" профилактикалық жұмыстар туралы ескертті.

23 желтоқсанда Қазақстанда теледидар мен радио сағат 3.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс істемейді. Бұл туралы "Қазтелерадио" хабарлады.

"2023 жылғы 23 желтоқсанда астана қаласы уақыты бойынша сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін «Қазмедиа орталығының» хабар тарату өзегін жаңғыртудың кезекті кезеңін аяқтау шеңберінде барлық технологиялық кешеннің желілік жабдығын ауыстыру жоспарлануда. Сондай-ақ, «Қазтелерадио» АҚ спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілерінің техникалық құралдарында сервистерді өшіре отырыппрофилактикалық жұмыс жүргізетін болады", – деп жазылған хабарламада.

Осыған байланысты, көрсетілген уақыт кезеңінде эфирлік, кабельдік және спутниктік телерадио хабарларын тарату желілерінде теле-, радиоарналарды тарату тоқтатылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда теледидар жөндеу бағасы 20% қымбаттады


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".