Қазақстанда ата мен әженің немересімен араласу құқығы заңмен бекітілмек

Бұл үшін "Неке және отбасы туралы" ҚР кодексіне жаңа бап енгізіледі.

Қазақстанда ата-мен әженің немересімен, сондай-ақ баламен оның әпке-бауырлары, өзге де туыстарының қарым-қатынас жасау құқығы енді "Неке және отбасы" кодексінде арнайы баппен айқындалады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында Оқу-ағарту министрлігі жариялаған құжат жобасынан белгілі болды.

Оған сәйкес, "Неке және отбасы" кодексіне жаңа 73-1 бап енгізіледі. Онда "Аталар, әжелер, бауырлар, әпкелер және басқа туыстар баламен араласуға құқылы" деп жазылған.

Бапқа сәйкес, егер ата-ана баланың жақын туыстарына онымен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін беруден бас тартса, дауды ҚР Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органы айқындайтын тәртіппен қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган шешеді.


Оқи отырыңыз: 


Оқу-ағарту министрлігі заңға мұндай толықтыру енгізу қажеттігін ата-әжелер мен басқа туыстардың баламен қарым-қатынас тәртібін анықтауға байланысты дауларды шешуде қиындықтар туындағанымен түсіндірді.

Құжат жобасы 24 ақпанға дейін жария талқылауға ұсынылған.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".