Қазақстанда "Атлетико Мадрид" футбол академиясы ашылады

Президентке елімізде "Атлетико Мадрид" футбол академиясын ашу жобасы таныстырылды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атлетико Мадрид" футбол клубының президенті Энрике Сересо Торресті қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі. 

Қасым-Жомарт Тоқаев испаниялық клубтың футбол әлеміндегі беделі зор екенін атап өтіп, Қазақстанда спорттың осы түрін дамытуға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытқаны үшін Энрике Сересо Торреске алғыс білдірді.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда футболды дамытуға айрықша назар аударылады. Қазір еліміздегі спорт мектептерінде, футбол секцияларында 40 мыңға жуық бала жаттығады. Сонымен қатар инфрақұрылым жақсартылып, жаңа стадиондар салынып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев футболды дамытуға бағытталған бұл бастамаға мемлекет жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Энрике Сересо Торрес "Атлетико Мадрид" футбол академиясы әлемнің көптеген елінде ашылғанын жеткізді. Академияда дарынды футболшыларды тәрбиелеумен қатар, оларды әлемдік футбол лигаларына шығару үшін үздік тәжірибелерді енгізуге, жаттықтырушылар мен тәлімгерлердің біліктілігін арттыруға мән беріледі.

"Атлетико Мадрид" футбол академиясы Алматы облысы Талғар қаласындағы "Akbulak" олимпиада орталығының базасында құрылмақ. Кездесу соңында Энрике Сересо Торрес Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Атлетико Мадрид" ойыншыларының қолтаңбасы қойылған жейде сыйлады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".