Қазақстанда автобус пен такси жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн түрде өте алады

16 қазаннан бастап еліміздегі қоғамдық көлік жүргізушілері медициналық куәландырудан онлайн форматта өте алады.

Аталған түзетулер Қазақстан Республикасы Көлік министрінің 27 қыркүйектегі №14 бұйрығымен бекітілген. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі хабарлады.

Жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына тиісті толықтырулар енгізіліп, жүргізушілер рейс алдында және одан кейін медициналық куәландырудан онлайн режимде өте алады.

Қабылданған нормаға сәйкес жүргізушілерді онлайн форматта тексеру заңнаманың талаптарына жауап беретін және жүргізушінің жалпы денсаулығын тексеруге қабілетті автоматтандырылған медициналық кешендердің болуын және оларды пайдалануды көздейді.

Атап айтқанда:

  • жүргізушіні биометриялық және (немесе) басқа әдіспен сәйкестендіру;
  • онлайн сауалнама өту;
  • көз қарашығының жарық тітіркендіргішіне реакциясын тексеру;
  • алкогольдік масаңдықты тексеру;
  • дене температурасын;
  •  қан қысымын;
  • пульсті өлшеу.

Оқи отырыңыз: 1 шілдеден бастап такси жүргізушілері мен курьерлер салық төлейді.


Осы салада цифрлық шешімдерді енгізу тасымалдаушыларға, таксопарктер мен автобус парктеріне:

  • тексеру жүргізу рәсімдерінде ашықтықты қамтамасыз етуге;
  • жүргізушілер мен медицина қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін азайтуға;
  • жолаушылар мен багажды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын арттыруға;
  • уақытты үнемдеуге;
  • жүргізушілердің денсаулық жағдайына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".