Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасы 10% қымбаттады

Биыл тамыздың соңында Қазақстанда фармацевтикалық өнімдердің бағасы бір айда 0,3%, бір жылда 9,8% өсті.

Биыл қаңтар–шілде айларында негізгі фармацевтикалық өнімдер мен препараттар өндірісі бір жыл бұрынғы 90,7 млрд теңгемен салыстырғанда 86,7 млрд теңгені құрады. Ақшалай көрсеткіштің жылдық төмендеуі 4,4%. Бұл туралы energyprom.kz жазды.

Өңірлер бойынша ең көп өнім көлемі Шымкентке тиесілі: бір жыл бұрынғы өнім көлемі 32,7 млрд теңге болса, биылғы өнім көлемі 26,9 млрд теңге. Екінші және үшінші орында Алматы облысы (25,3 млрд теңге) және Алматы (16,2 млрд теңге) қалалары тұр.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда дәрі-дәрмекке сараптама қалай жүргізіледі және ол не үшін қажет?


2023 жылдың қаңтар–маусым айларында Қазақстан 694,2 млн АҚШ долларына 13,9 мың тонна дәрі-дәрмек импорттады. Физикалық мәнде өсім 11,9%, ақшалай керісінше, 3,7% төмендеген.

Қазақстанға ТМД елдерінен 62,7 млн АҚШ долларына 4 мың тонна дәрі-дәрмек әкелінді. Ең көп Ресейден әкелінді: 2,9 мың тонна, былтырғыдан 14,7% аз. Негізгі бес жеткізушілердің қатарына Беларусь, Украина, Өзбекстан және Молдова кірді.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".