Қазақстанда инклюзивті балабақша мен мектептер 80 пайызға дейін артады

Бүгінде ерекше балаларға жағдай жасаған білім мекемелерінің үлесі 20 пайыздан да төмен.

Қазақстанда 2030 жылға дейінгі инклюзивті саясат тұжырымдамасы әзірленіп, жария талқыға ұсынылды. 

"Құжат мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және олардың тәуелсіздікке қол жеткізуіне, әлеуметтік, кәсіптік қабілеттерін сақтауға және өмірдің барлық аспектілеріне қатысуына мүмкіндік береді", – делінген құжат жобасында.

Тұжырымдамаға сәйкес, Қазақстанда мектептер мен балабақшаларда ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар мен орта құруға басымдық берілген. Бүгінде мұндай жағдай жасалған мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің үлесі 20 пайызға да жетпесе, кезең-кезеңмен олардың үлесін 2030 жылға қарай 80 пайызға дейін арттыру көзделген.


Оқи отырыңыз:


Бұл ретте арнайы мамандарға сұраныс артатындықтан, кәсіби терапевт мамандарын, физикалық медицина және оңалту мамандарын, ортезистерді, протезистерді, ойын терапевтерін, музыкалық терапевтерді, логопедтерді даярлау үшін жоғары білім беру жүйесіне тиісті өзгерістер енгізіледі. 

Ал әлеуметтік қызметкерлерді "әлеуметтік жұмыс", "әлеуметтік жұмыс менеджменті" мамандықтары бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарында, сондай-ақ шетелде "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыту да қарастырылады. 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".