Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзған 50 шетел азаматы елден шығарылды

Іс-шара басталғалы 1 185 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстанда Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары көші-қон заңнамасын өрескел бұзған.

Полицейлер оларды "Заңсыз келуші – 2024" республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.

Іс-шара басталғалы 1 185 көші-қон заңнамасын бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 225 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды.

ҚР-да болу ережелерін бұзғаны үшін 935 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктердің Қазақстан Республикасында болуының заңдылығын қамтамасыз ету шараларын қолданбағаны үшін 202 қабылдаушы тарапқа айыппұл салынды.

"Шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған 48 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды", – деді Алматы қалалық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Сонымен қатар Алматыда іс-шара кезінде Қазақстаннан өз бетінше кету туралы сот шешімін орындамаған 54 шетелдік ұсталды.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".