Қазақстанда лицензиясы бар 380 туроператор жұмыс істейді

Бұған дейін лицензиясы бар 1240 туроператор жұмыс істеген.

Қазіргі уақытта туроператорлық қызметпен айналысуға 380 лицензия берілген. Бұл туралы мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оның ішінде, шығу туризмі саласында – 34, ішкі, кіру және шығу туризмі саласында – 34, ал ішкі, кіру туризмі саласында – 312 лицензия белсенді жұмыс істеп тұр.

Бұған дейін мемлекеттік тізілімде қағаз және электрондық форматтағы лицензиясы бар 1240 туроператор болған. Олардың көпшілігі жұмысын тоқтатқан, бірақ тізілімде қалған. 

"Мемлекеттік тізілімді жаңарту бағытында үлкен жұмыс атқарылды. Туроператорлардың өздері де қызметін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіп келеді. Біз үшін қызмет көрсету сапасы мәселесі басты назарда. Барлық лицензиаттар үшін заң аясында жұмыс істеу маңызды,– деді туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Қазіргі заңнамаға сәйкес келмейтін құжаттарды лицензиаттардың өздері немесе жергілікті атқарушы органдар тоқтатқан.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".