Қазақстанда медбикелерге науқастарды қабылдап, диагноз қоюға құқық беріледі

Қазақстанда енді медбикелер де науқастарды қабылдап, диагноз қоя алады.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері бұл жаңашылдық дәрігерлердің жүктемесін азайтып, емделушілердің уақытын үнемдеуге сеп болады деп отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Бұл шешім медициналық көмекті қолжетімді етуге мүмкіндік бермек.

Емханаларда дәрігерлер мен мейіргерлердің міндетін қайта бөлу нәтижесінде орта медициналық қызметкерлерге науқастарды өз бетінше қабылдау құқығы беріледі. Яғни, мейірбикелер кейбір тексерулерді өздері жүргізіп, жолдама жазады. Ол үшін орта медициналық қызметкерлер арнайы бағдарлама бойынша білім алады.


Оқи отырыңыз: Алматыда дәрігерлер зілзала кезінде қауіпке қарамастан, науқастарға ота жасады


Оқу мерзімі қанша уақытқа жалғасатыны әзірге белгісіз. Ал тұрғындардың бұған қатысты пікірі екіталай. Бірі дәрігерлер жетіспеушілік мәселесін шешеді десе, енді бірі бұған қарсы.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".