Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұрудың бірыңғай базасы құрылады

Оқу-ағарту министрлігі жыл соңына дейін мектепке дейінгі ұйымдарға кезекке тұрудың бірыңғай базасын құрады.

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мектепке дейінгі ұйымдарда орындарды бөлуде ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету мақсатында жыл соңына дейін балабақшаға кезекке қоюдың бірыңғай деректер базасы әзірленетін болады.

"Жыл басынан бері елімізде 30 мың орындық 308 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Сондай-ақ, соңғы 5 жылда балабақшаға жолдама алу кезегі екі есеге қысқарды. 2025 жылға дейін 2-3 жас аралығындағы балалар үшін тағы 223 мың орын ашу жоспарлануда", – деді Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Жалпы, елімізде 11320 мектепке дейінгі ұйым бар. Онда 2-6 жас аралығындағы балалардың 89,1%-ы мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған.


Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап 97 мың балабақша тәрбиешісінің жалақысы 30% өседі.


 

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…
Серіктестер жаңалықтары
  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".