Қазақстанда өлім-жітім көрсеткіші 26,9 пайызға азайған

Ең жоғарғы көрсеткіш Солтүстік Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, елімізде өлім-жітім көрсеткіші 26,9 пайызға азайған. Өткен жылы 133,5 мың адам қайтыс болған, оның ішінде 62,4 пайызы 63 және одан жоғары жастағылар.

Ең жоғарғы көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда байқалды.

"Өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қостанай облыстарында байқалды. Бұл осы өңірлердегі халықтың жас құрылымымен байланысты болып отыр" – делінген хабарламада.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала туудың өсуі жәрдемақының енгізілуімен байланысты – сарапшылар


Былтыр 1 жасқа толмаған 3154 нәресте қайтыс болған.

"Өлім-жітімнің негізгі себептері – қан айналымы жүйесінің аурулары 22,7 пайыз, ісік – 10,4 пайыз, тыныс алу органдарының аурулары – 9,8 пайыз, жазатайым оқиғалар, улану мен жарақаттар – 8,4 пайыз және ас қорыту жүйесінің аурулары – 8 пайыз болды" - делінген хабарламада.

Пікірлер

Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.
Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

  • Құпиясөз кемінде 8 таңбадан тұруы керек. Онда бас және кіші әріптер, сандар және арнайы таңбалар (мысалы, !@#$%^&*) болуы тиіс.

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".